KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
488.91 532.62 5

Шығыс Қазақстан ауыр атлеттері жеті медаль олжалады

7.12.2014, 18:00 147



Төрт күн бойы Өскемен қаласындағы Жекпе-жек сарайын дүбірге бөлеген ауыр атлетикадан ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Шығыс Қазақстанның намысын қорғаған атлеттеріміз жалпыкомандалық есепте қомақты нәтижеге қол жеткізді. Қыздарымыз бірінші, жігіттеріміз екінші орынды иеленді. ШҚО құрамасының қоржынында - жиыны жеті медаль, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жекпе-жек сарайына лық толған жанкүйерлердің төбесін көкке жеткізген жалғыз алтын медальды өскемендік ауыр атлет Дмитрий Каплин суретте жеңіп алды. 105 келі салмақта жарыс жолына шыққан жерлесіміз серпе көтеруде 215 келіні бағындырып, жеке рекордын жаңартты. Ал қоссайыстың нәтижесі бойынша 390 келіні еңсерген ол Қазақстан чемпионы атанды.

Сөздің орайы келгенде айта кетуіміз керек, Дмитрий бүгінде Әлемнің төрт, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы әйгілі Илья Ильиннің командасында жаттығады.

Ұпайымызды еселеген екі күміс медальды семейлік Владимир Кузнецов пен өскемендік Лидия Ануфриева алып берді. 85 келіде өнер көрсеткен Владимир қоссайыстың нәтижесінде 328 келіні бағындырды.

Бұдан кейінгі төрт қола медальды қоржынымызға салған споршылар: Максим Горлов, Камила Острикова, Галина Шилова-Горлова, Евгений Колесников. Есімдері аталған атлеттердің соңғысы ерлер арасында ең ауыр салмақ дәрежесінде бақ сынады. Семейлік алып қоссайыс қорытындысында 295 келіні төбесінен асырды.

Серік Әбілхан
Суретті түсірген Ғылымбек Сәбитов
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив