KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность Штиль
443.44 480.51 4.88

Қазақ хандығы туралы телехикая түсіріледі

6.11.2014, 18:00 140



Келер жылы Қазақ хандығының тарихынан сыр шертетін 20 сериялы телехикая түсірілмек. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

- Алдағы жылы Қазақ хандығына байланысты ғылыми конференциялар ұйымдастырылып, деректі және көркем фильмдер шығады. Оның ішінде Елбасының тапсырмасымен Қазақ хандығына арналған 20 cериялы телехикая бар. Бүгінде ғалымдарымыздың анықтауымен тарихымыз анық жолға түскен кезде, біз оны көркемдік жанрға шығаруымыз керек, - деп түсіндірген министр телехикаяны түсіру жұмыстары келер жылдың қаңтар айынан басталатынын жеткізді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив