KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Шетелде оқып жатқан студенттер Глубокое тұрғындарына көмектесті

20.04.2018, 06:27 167

Су тасқынынан зардап шеккен глубокоелықтарға Ұлыбританияда білім алып жүрген қазақстандық студенттер гуманитарлық көмек жіберді.


Шетелдегі қазақ студенттер қауымдастығының мүшелері аудандағы «Даму» қайырымдылық қорына тиісті қаражатты аударған. Осылайша, жастар қарғын судың салдарынан қиын жағдайға тап болған жерлестеріне қол ұшын созды.


– Жақында глубокоелықтарға жәрдемдесіп жатқан еліміздің басқа да аймақтарынан қалыспай, Алматыдағы «Бейбітшілік және келісім кеңесі» қоғамдық бірлестігінің өкілдері де гуманитарлық көмек көрсетті. Осы орайда, біз ел басына қиын күн туған шақта «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», жанашырлық танытып жатқан жерлестерімізге алғысымызды білдіргіміз келеді, - дейді «Даму» қайырымдылық қорының басшысы Нұрлыбек Құмарғажин.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив