KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 2,7 м/с, ОШ
439.43 473.31 4.82

Белгісіз нысан Шығыс Қазақстан ауылының үстінен ұшып өтіпті

24.04.2014, 18:00 234



Естеріңізде болса, былтыр Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауылының үстінен ұшқан белгісіз нысан фотосуретке түсіп қалған болатын. Биыл енді белгісіз ұшатын нысан Күршім ауданы, Барақ батыр ауылының үстінен ұшып өткен көрінеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Белгісіз ұшатын нысанның суретін Мейрамгүл Қозыбаева «Фейсбугтегі» жеке парақшасына орналастырыпты. Мейрамгүлдің айтуынша, суретті Барақ батыр ауылының тұрғыны түсірген сияқты. Бірақ, нақты кім түсіргені белгісіз. Ал суреттегі белгісіз нысан жерге жақын келгені анық көрініп тұр. Не де болса үстімізден кімдердің торуылдап жүргені тылсым дүние болып қала бермек.

Мерей Қайнарұлы
сурет Мейрамгүл Қозыбаеванікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив