KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 2 м/с, С
443.44 480.51 4.88

Әйелдерді тонаған қаңғыбас ұсталды

16.03.2014, 18:00 95



Риддер қаласында әйелдерді тонаған тұрғылықты жері белгісіз қаңғыбас қолға түсті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Риддер қалалық полиция бөліміне әйелдерден оларды белгісіз біреудің ақшаларын күшпен тартып алмақшы болғаны туралы шағым түскен. Жәбірленушілер қаланың орталық дүкендерінің бірінде сатушы болып еңбек етеді екен.

Жедел іздестірілген қылмыскер көп ұзамай қолға түсті. Ол 39 жастағы мекен-тұрағы белгісіз, бұрын осыған ұқсас қылмыс жасап сотталған азамат болып шықты. Тексеріс нәтижесінде оның бір күнде, дәл осы маңайда тағы бір әйелді тонап, оның 10 мың теңгесін тартып алғандығы анықталды. Облыстық ІІД мәлімдегендей, қазір қаңғыбас қарақшы уақытша тергеу изоляторына қамауға алынып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалуда.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив