KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 3 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Зейнеткерлер төлемақы алатын болады

22.04.2014, 18:00 138



40 мың теңгеден төмен зейнетақы алатын Өскемен қаласының 11 мың зейнеткері қаладағы қоғамдық көліктерде жүру үшін жеке төлемақы алатын болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталмыш мақсат үшін жергілікті бюджеттен 155 млн. теңге қарастырылып отыр. Ал студенттердің жолақысына жәрдемдесу үшін 2014 жылы 18 млн. теңге қарастырылған (12 мың адам).

2013 жылы жолаушы тасымалдаушыларға 252 млн. теңге бөлінген болатын. Бұл – қаладағы 70 жастан асқан 26 826 зейнеткер үшін.

Нақты негіздер бойынша жол жүру билетін алған 16 900 адамға 145 млн. 900 мың теңге төлем жүргізілді. Студенттердің жол жүру билетін төлеу мақсатында бюджеттен 18 млн. теңге бөлінді. Төлемақы 6 мың теңге тұратын жол жүру билетіне 1500 теңге көлемінде жүргізілді.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив