KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1,5 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Семейде жылына 1500 жүк машинасы құрастырылатын болады

7.04.2014, 18:00 260



Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Семей қаласында машина жасау өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. 2012 жылмен салыстырғанда былтыр осы саладағы өндіріс көлемі 1,2 есеге өскен, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жетістікке «Семей инжиниринг», «Семей машина жасау зауыты» акционерлік қоғамдары, «СемАЗ» ЖШС, «Daewoo Bus Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мемлекеттің тікелей қолдауының арқасында қол жеткізді. Қаланың жалпы экономика құрылымындағы машина жасау үлесі 15,2 пайызды құрады.

Былтыр «Урал», «SHASMAN» жүк автомобильдері және «Беларус» тракторының жаңа екі моделі шығарылды. «СемАЗ» ЖШС жылына 1500 жүк машинасын құрастырып шығаруды жоспарлап отыр.

Семейлік машина жасаушылар ел өндірісіндегі жоғары сұранысқа ие техникаларды құрастырумен айналысуда. Былтыр қаладағы кәсіпорындар 1340 трактор, 141 автобус, 113 жүк автомобилін және алты шынжыр табанды трактор құрастырып, жоспарды артығымен орындап шықты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив