KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1,5 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Автобустардың модельдік қатары молая түспек

3.03.2013, 18:00 286


Семей қаласында ішкі сұранысты барынша толық қамтамасыз ету мақсатында машина жасау өнеркәсібі қарыштап дамып келеді. Былтыр осы сала өндірісінің көлемі 45,9 пайызға өсті.

Машина жасау өнеркәсібі саласының 2011 жылдың деңгейінен 1,5 есе өсуін – «Семей инжиниринг», «СемАЗ», «DAEWOO BUS KAZAKHSTAN» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Семей машина жасау зауыты» акционерлік қоғамы қамтамасыз етті. Сала өнеркәсібінің көлемі 16,1 млрд. теңгені құраған. Былтыр 1330 трактор, 107 автобус, 74 жүк және басқа да көліктер шығарылды.

Саланың алдағы дамуы «СемАЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Урал», «SHASMAN» жүк көліктерінің, «GEELY» жеңіл көліктерінің модельдік қатарын жинақтау өнеркәсібін ұйымдастырумен, сонымен қатар, «DAEWOO BUS KAZAKHSTAN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде автобустардың модельдік қатарын ұлғайтумен байланысты болып отыр.

Мәлімет көзі Altaynews. kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив