KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

«Қазақ келіні» байқауы өткізілді

25.03.2014, 18:00 96



Жастар саясатын және гендерлік Стратегиясын жүзеге асыру, қазақ мәдениетін қайта жаңғырту, келер ұрпаққа қазақ халқының мәдени, отбасының рухани құндылықтарын, ұлттық салт-дәстүрлерін және отбасындағы тәлім-тәрбиені, қоғамдық саяси тұрақтылықты нығайту мақсатында Бородулиха ауданының Жастар орталығының ұйымдастыруымен аудандық Мәдениет Үйінде «Қазақ келіні» байқауы Әз Наурыз мерекесі қарсаңында өткізілді.

Үлкенге ой салатын, жастарға ғибраты бар іс-шарада келін тәрбиесіне қатысты өзекті мәселе қойылған аудандық байқауға небары бес келін қатысты. Атап айтсақ, Аталмыш сайысқа өз өнерлерін көрсетуге Бородулиха ауданы бойынша, Подборный ауылдық оқругінен - Е.А.Кекубаева, Белағаш ауылдық округінен – Г.М.Малдыбаева, Ново-Шульба ауылдық округінен – А.А.Тоқашева, Жерновка ауылдық округінен – Г.М.Сағнаева, Бақы ауылдық округінен – А.М.Акимбаева сынды сайыскер-келіндер келіп, жүрексінбей қатысып, өнерлерімен жұртты тәнті етіп, өз өнерлерін елге танытты.

Қазақ келініҚазақ келіні

Бүрмелі көйлек киген, қарақаттай көздері мөлдіреген пәк сезімді келіндерге аудан әкімінің орынбасары аудан әкімінің орынбасары – Р.Атаева төрағалық еткен әділқазылар алқасы құрамында Бородулиха ауданының құрметті ұстазы – С.Оралбайқызы сынды өңірге танымал сыйлы азаматтар болып, әрқайсысы сайыскерлерге ақ жол тілеп, өсиет-тілектерін білдірді.

Ұпай санының қорытындысы бойынша барлық сыннан сүрінбей өткен төртталдық келін Еркежан Ахметқызы Кекубаева Бас жүлдені ал, қалған қатысушылар әртүрлі номинацияларға ие болды.

Келінге ата дәстүрін үйретіп, бір әулеттің алтын тұтқасына айналудың жолын көрсетіп, ата тәрбиесінің үлгісін насихаттауға бағдар ұстанған - «Қазақ келіні» аудандық байқауы көпшілікке тәлімділік ойын санасына құйып кеткені анық!

Серік Әбілқасымұлы
cурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив