KZ
Өскемен
+27°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
474.83 515.38 5.5

Ертістің үстіндегі көпір 6 млрд. теңгеге жөнделеді

11.03.2014, 18:00 192



Өскемен қаласында Жібек маталар комбинаты ықшам ауданынан Қазақстан көшесіне қарай кіреберістегі Ертіс өзенінің үстінен салынған көпірді қалпына келтіруге шамамен 6 млрд. теңге қаржы жұмсалмақ, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Владимир Головатюктің айтуынша, құрылыс жұмыстары конкурс өткізіліп, мердігер анықталғаннан кейін басталады. Қалпына келтіру бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен трамвай желісіне арналған көпірдің тіреулерін мықтап, сосын уақытша өткел салынады. Ары қарай көпірдің қалған негізгі бөлігі қолға алынбақ. Күрделі жөндеу жұмыстары шамамен екі жылға дейін созылуы мүмкін.

Сонымен қатар құрылыс кезінде көліктер легін азайту үшін, қаладағы екінші өткел – қалқымалы (понтон) көпірдің енін кеңейтпек.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив