KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Ресейде өтетін ғылыми конференцияға Семей студенттері қатысады

4.03.2014, 18:00 161



Семей студенттері Ресей жерінде өтетін ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға жолдама алды.

Семей қаласының Шәкәрім университетінің «Тарих» мамандығында білім алып жүрген 4 курс студенттері: Жұлдыз Молдағазинова, Қарашаш Шөкеева, Құралай Қапасова, Мәдина Жұмажанова Әліби Қинаятов Шығыс Қазақстанның тарихын зерттеп, ғылыми жұмыстар жазуда белсенділік танытып келеді. Олар «Тарих» кафедрасының профессоры А.П.Коноваловтың жетекішілігімен ғылыми жобалар дайындады. Бұл ғылыми жұмыстар байқауға жіберілген болатын.

Байқаудың іріктеу турларынан өткен стдуденттер 22 наурыз күні Ресей Федерациясының Бийск қаласында өткізілетін IV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға жолдама алды. Сонымен қатар, 4 курс студенттері Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті қорының жобалары мен әлеуметтік идея жәрмеңкесін ұйымдастырушы комитеті атынан шақырылды. Университетіміздің жас ғалымдарына сәттілік тілейміз!

Жібек Серғазы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив