KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Спортпен айналысушылардың саны жағынан Шығыс Қазақстан республикада бірінші орында

29.01.2014, 18:00 115



Спортпен айналысушылардың санынан Шығыс Қазақстан республикада бірінші орында. Бұл жайлы Өскемендегі Жекпе-жек сарайында ШҚО әкімі қатысуымен өткен денешынықтыру және спорт басқармасының қорытынды форумында айтылды. Форумда өткен жылғы спорт саласындағы жұмыстар мен алдағы уақытта атқарылмақ іс-шаралары белгіленді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жыл қорытындысы бойынша ШҚО-да спортпен айналысатын тұрғындардың саны 350,2 мың адамға жетті. Бұл жалпы тұрғындардың 25,1 пайызын құрайды. Спортпен айналысушылардың саны жағынан Шығыс Қазақстан облысы республикада бірінші қатарға шықты.

Спорт саласының материалдық базасы жылдан-жылға жақсарып келеді. Өткен жылы облыстың денешынықтыру және спорт жүйесіндегі жалпы инвестиция көлемі 12 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде республикалық бюджеттен 496 млн. теңге, облыстық бюджеттен 3 млрд. 600 млн. теңге бөлінді және 8 млрд. теңгеге жуық жеке инвестиция тартылды.

Қазіргі уақытта денешынықтыру жүйесінде 3644 адам жұмыс істеп жүр. 2012 жылмен салыстырғанда 581 адамға артты. Ал ауылдарда 1757 адам еңбек етуде Осы саладағы қызметкерлердің 2931-і – жоғары білімді мамандар. Облыстың сегіз ауданына денешынықтыру нұсқаушысының штаттық бірліктері бөлінді, ал қалған аудандарда қызметтік еңбекақысына үстемеақы тағайындалған. Глубокое, Бородулиха, Зайсан, Күршім, Катонқарағай аудандарындағы ауылдық округтерде спорт нұсқаушылары штатын енгізудегі оңды іс-тәжірибелерін атап өтуге тұрарлық. Бүгінгі таңда облыста 115 әдіскер-нұсқаушы ғана жұмыс істеп жүр. Алайда, бірқатар ауданда әлі де 203 әдіскер-нұсқаушы жетіспейді.

Шығыс Қазақстан спорт ғимараттарын салып, пайдалануға беру саны жағынан республикалық рейтингте бірінші орында келе жатқанын да мақтанышпен атап өтуге болады. Үш мыңға жуық ғимарат бой көтерді.

Былтыр Семейде жазғы спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі ашылды. Біздің өңірде денешынықтыру мен спортты қолдау мен дамытуға арналған мемлекеттік қор құрылды.

Әлімжан Қадылбекұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив