KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1 м/с, Ю
478.96 533.03 5.22

Семейліктер мәуліт мерекесін атап өтті

26.01.2014, 18:00 170



Семей қалалық Мәдениет сарайында қаланың мұсылман жамағаты екі дүниенің сардары болған Мұхаммед (с.ғ.с.) туылған айы мәуліт мерекесін атап өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Еліміздің тұтастығы мен халықтың бірлігі үшін дұға жасалған қасиетті мерекені Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей өңірі бойынша өкіл имамы Мақсат қажы Алтыбай ашты. Қала әкімінің орынбасары З.Р. Исабаева жерлестерімізді күллі мұсылман қауымының ұлық мерекесімен құттықтады. Зәуреш Рамазанқызы еліміздің ауызбіршілігін сақтап, адами құндылықтарымызды насихаттауда, жастарымызды рухани тұрғыдан түлетуде қасиетті ислам дінінің алатын орнының зор екендігін атап өтті.

Семейліктер мәуліт мерекесін атап өтті

Бұдан кейін «Дариға-ай» жастар театрының әртістерімен әзірленген тағылымға толы концерттік бағдарлама ұсынылып, жыл бойы үздік имамдық қызмет атқарған бір топ ауыл имамдары мен молдаларына арнайы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив