KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1 м/с, С
443.35 475.54 4.82

Қазақтың біртуар ақын қызы Фариза Оңғарсынова өмірден өтті

23.01.2014, 18:00 99



Қазақтың біртуар ақын қызы Фариза Оңғарсынова 74 жасында өмірден өтті. Белгілі ақынның өлімінің себебі әлі белгісіз, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Фариза Оңғарсынова Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қоғамдық қайраткер, бірнеше жинақтар мен кітаптардың авторы.

Ақын 1939 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысында дүниеге келді. 1961 жылы Фариза Оңғарсынова Гурьевтегі педогогикалық институттың филология факультетін тәмамдап, 1966 жылға дейін мектепте мұғалім болып жұмыс істеді, кейін директор қызметіне дейін көтерілді.

Фариза Оңғарсынованың алғашқы жыр жинағы «Сандуғаш» 1967 жылы жарық көрді. Ақынның шығармалары ТМД елдері мен алыс шетел халықтарының тілдеріне аударылған.

Фариза Оңғарсынова «Құрмет белгісі» және «Достық» ордендерімен марапатталған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив