KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
444.14 477.05 4.85

Қазақстанда 500-ге жетер-жепес қана қазақ төбеті қалыпты

22.01.2014, 18:00 128



Қазақтың төбеті мен тазысын өсірумен айналысып жүрген Асылбек Әбдықанұлының айтуынша, жеті қазынаның бірі болып саналатын қазақы тазылар мен төбеттер қазыр құрып кетудің аза-ақ алдында тұр.

- Ұлттық құндылықтарымыздың қатарындағы осы қазынамызды сақтап, құмай тазы өсіріп, қазақы төбеттерді көбейтуді қолға қазірден алмасақ, еліміз тағы бір ұлттық мақтанышынан айырылып қалғалы тұр. Төбеттер осыдан 4 мың жыл бұрын көшпенділердің сенімді серігіне айналып, содан бері қазақпен жасасып келе жатыр,-дейді ол.

Асылбектің айтуынша қазақы төбеттердің биіктігі 80 сантиметрден асып жығылады, салмағы 50-60 келінің айналасында. Қорбиған қалың жүні оны тіпті үлкен қылып көрсетеді екен. Нағыз қазақ төбетінің ең басты ерекшелігі ол – ешқашанда адамға шабуыл жасамайды. Еріншек қозғалып, баяу қимылдатын төбеттер, жыртқыш аң көрсе бірден өзгеріп сала береді. Үйдегі төбеттердің үруінен жатуы көп. Маңайындағыға бір маңқ етіп дыбыс шығарғаны болмаса, бұл ит өте сирек үреді екен. Айтпақшы, төбет – ешқашан иттер төбелесіне қатыспайды.

- Егер иттер төбелесінен қазақ төбетін көрсеңіз, бұл - таза қанды төбет емес. Ит төбелестіргіштер төбеттен ызақор, жылдам ит жасау үшін оны қазір неше түрлі шетелдік тұқымдармен будандастырып жатыр. Ірі итке, ызақор, төбелескіш иттердің қаны қосылып жатыр. Таза қанды төбеттің күн санап азайып бара жатуының негізгі себебі де осы,-дейді алматылық ит өсіруші Асылбек Әбдіқанұлы.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив