Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР мемлекеттік хатшысының міндетін атқарушы қызметіне, ҚР Президент әкімшілігінің жетекшісі Кәрім Мәсімов уақытша тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланған.
Марат Тәжин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мемлекеттік хатшы қызметінен босатылды.
Сонымен қатар Президент, Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғалым Оразбақовты да қызметінен босатты.
Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz