KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
443.35 475.54 4.82

Облыстық «Дидар» газетінің Семейдегі меншікті тілшісі бас бәйгені жеңіп алды

27.12.2013, 18:00 185



Семей сынақ алаңының проблемаларына арналған республикалық байқауда Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінің Семейдегі меншікті тілшісі Раушан Нұғманбекова бас бәйгені жеңіп алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

2014 жылы «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтпек. Осы мерейтой қарсаңында Семей қаласындағы Достық үйінде бұрынғы сынақ алаңының проблемаларын жазып, Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталықтың бейбіт атомға бағытталған жұмыстарын көрсете білген үздік журналистер марапатталды.

Республикалық БАҚ өкілдері арасында бас бәйгені облыстық «Дидар» газетінің Семейдегі меншікті тілшісі Раушан Нұғманбекова жеңіп алды. Салтанатты шараға Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Ерлан Батырбеков қатысып, жеңіске жеткен журналистерге дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табыс етті.

Бірінші орынды «Қазақстан» ұлттық арнасының Семей қаласындағы тілшісі Ержан Жақып иеленді. Сондай-ақ, республикалық «Егемен Қазақстан», аймақтағы «Ертіс өңірі», «Семей таңы» газеттерінің тілшілері де ынталандыру сыйлығына ие болды.

Біз әріптестерімізді осы жеңістерімен құттықтай отырып, оларға шығармашылық табыстар тілейміз.

суретті түсірген Сергей Суров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив