KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОБ
485.11 523.82 5.02

Қағаз өндейтін фабрика Өскеменде ашылады

27.09.2013, 18:00 191


Өскеменде жыл аяғына дейін қағаз өнімдерін қабылдап, өңдеумен айналысатын фабрика іске қосылмақ, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Қазір салынатын нысанға лайықты жер телімін бөлу мәселесі қарастырылуда. Кәсіпорын облыс орталығындағы кәсіпкерлікті дамыту аймағына орналасады деген болжам бар.

Мамандардың пікірінше, кәсіпорынның сынақ түрінде жұмыс істеуі 2013 жылдың соңына межеленген.

Бастапқыда онда тек қана мекемелерден қағаздар қабылданады. Өскемен қаласы әкімдігі мен «Өскемен қағаз фабрикасы» ЖШС арасында әріптестік байланыс туралы меморандумға қол қойылған. Соған сәйкес фабрикаға қажетсіз қағаздарды мемлекеттік органдар мен жеке құрылымдар ғана өткізеді.

Сонымен қатар, макулатураны базарлардан жинау мәселесі де назарға алынған. Әрбір базардың қасына сауда орындарында көп кездесетін картон жәшіктерді қабылдайтын пункт ашылуы да ықтимал. Әзірге қағазды қанша теңгеден алатыны белгісіз.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив