KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
481.68 522.48 5

Семейдің жәдігерлері Омбы мемлекеттік тарихи архивінен табылды

19.12.2013, 18:00 160



Омбы облысының мемлекеттік тарихи архивінен 1914 жылы Семей қаласынан жіберілген жәдігерлердің тізімі табылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпаратына сілтеме жасап.

Абай қорық-мұражайының жетекші ғылыми қызметкері М.Б.Мұхамедова бұл тізімді архивтің 86-шы қоры – Ресейдің географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімінің материалдарынан тапты.

Бөлімнің қызметі, атқарған жұмыстары туралы деректердің ішінде 1914 жылғы Семей бөлімшесінің тізімінен және 1896 жылы Нижний Новгородта ұйымдастырылған Бүкілроссиялық көрмеге Мұқыр болысынан Әбен Бітімбаев (Шәкір Әбенұлының әкесі) жіберген жәдігерлер тізімінің электрондық көшірмелері жасалып, мұражай қорына тапсырылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив