KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 3 м/с, В
480.55 533.75 5.36

Ауылда шұжық цехы бар

1.11.2013, 18:00 109


Күршім ауданындағы «Заман-ай» шаруа қожалығының жетекшісі Қабдуәли Аманжолов былтыр «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында несие алып, шұжық цехын ашты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Былтыр желтоқсан айында Ресейден осы цехты жабдықтауға қажетті қондырғыларды жеткізіп, сондағы кәсіпорынның өкілдері келіп, орнатып берді. Келген маман бір аптадай осы цехта жұмыс істеп, жұмысшыларға әртүрлі шұжықтарды қалай жасау керектігін үйретті. Алматыдан осы ауылдың тумасы, арнайы білімі бар тәжірибелі технолог Айжан Жыдынованы да шақыртып алған. Бүгінгі күні жергілікті мамандар шұжықтың жеті түрін жасап шығару технологиясын игеріпті. Қазіргі уақытта осы цехта күніне 300 келі шұжық шығаруға болады.

Жаңадан ашылған цехтың өнімдерін осы шаруа қожалығы өз дүкенінде сатылымға шығарып, тұтынушыларына ұсынуда. Қоспасыз таза еттен жасалған шұжықтарға сұраныс та бар.

Қабдуәли Аманжоловтың айтуынша, бұрынғы тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты болған бұл ғимарат әбден тозып, қаңырып бос тұрған. Екі кәсіпкер бірігіп, іші-сыртына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, төбесін металл жабындылармен жауып, электр желісін тартқан. Есіктерін салып қаптап, жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасаған.


Мәлімет көзі:Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив