KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 2 м/с, Ю
441.58 480 4.86

Ең мықты таэквондашылар Курчатовта

31.10.2013, 18:00 110


Курчатовта таэквондодан жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты мен қала әкімінің кубогі үшін жарыс өтті. Оған Өскемен, Семей қалаларынан, Абай, Көкпекті, Бесқарағай аудандарынан жиыны 152 спортшы қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Курчатов құрама командасы алып, қала әкімі кубогінің иегері атанды. Олар 20 алтын, 7 күміс және 4 қола медальді жеңіп алды. Екінші орынды Абай, үшінші орынды Көкпекті ауданының таэквондошылары иеленді.

Мұндай спорт додасы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыра түсуге үлкен септігін тигізеді дейді мамандар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив