Қазақстанда қалыңдық пен күйеу жігітке шаңырақ көтерер алдында ВИЧ-ке тексерілуді заң жүзінде енгізу мәселесі көтеріліп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Алматы қалалық СПИД орталығы профилактикалық бөлімінің меңгерушісі Мария Плотникованың айтуынша, елімізде 2013 жылы ВИЧ инфекциясының жыныстық қатынас арқылы жұғуы 60 пайызға артқан. Олардың ішінде жүкті әйелдердің үлесі артып отыр.
Сол себепті сарапшының пікірінше, жастар арасында ақпараттық, жұмыстарды арттыру, оларға осы дерттен сақтану жолдарын түсіндіру қажет. Егер бұған дейінгі жылдары ғасыр дерті негізінен нашақорлар арасында жайылса, енді жыныстық қатынаспен таралу артқан кезде бұл бүкіл үрпаққа қауіп төндіріп отырғаны жасырын емес.
Мамандардың сөзіне қарағанда, жастарды отбасын құрар алдында міндетті түрде ВИЧ жұқпасына тексеру осы дерттің одан әрі өршуіне тосқауыл болар еді.