KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Полиция қызметкеріне қол жұмсады

27.10.2013, 18:00 140


Өскемен қаласындағы Республика алаңында 23 жастағы жігіт мас кезінде өзін ұстаған полиция қызметкеріне қол жұмсады. Анығырақ айтқанда, тәртіп сақшысының бетіне басымен соққы салған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қалалық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын істі болмаған жігіттің Астана көшесінде тұратыны белгілі болған. Енді ол құқық қорғау орнының қызметкеріне қызмет бабында дене жарақатын салғаны үшін жауапқа тартылмақ.

Осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 321-бабының 1-тармағы бойынша қылмысты іс қозғалды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив