KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 2 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Шығармашыл жастарды қолдайтын «Аңсар-2013» әдеби конкурсы жарияланды

24.10.2013, 18:00 157


«Самұрық» даму орталығы» қоғамдық жастар қоры Қазақстан халқы Ассамблеясы және Жастар ісі жөніндегі комитеттің қолдауымен «Аңсар-2013» әдеби конкурсын жариялады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Конкурс заманауи қазақ және қазақстандық әдебиетті, журналистиканы насихаттау, жас жазушылар мен ақындарды қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Байқау шеңберінде жас журналистер мен ақын-жазушылар үшін осы саланың мықты сарапшыларының қатысуымен екі шебер-сыныбы өткізіледі. Байқау жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталады. Әдеби сайысқа қатысушылардың шығармаларының жиынтығы 500 дана болып баспадан шығарылмақ.

Конкурсқа 14-30 жас аралығындағы журналистика, әдебиетпен әуестенетін жастар қатыса алады. Байқауға қатысу үшін 2013 жылдың 5-қарашасына дейін өтінім мен шығармаларды төмендегі мекенжайға жіберу қажет: Астана, Б. Момышұлы к, 15 үй, 1 офис (8 (7172) 965-038) немесе электронды жәшік: sunkarkz@bk.ru. Конкурстың үйлестірушісі:Альшеров Дулат Байкенұлы: ұялы тел. 8 701 705 33 31

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив