KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Үздік жарияланымдарға конкурс жарияланды

29.09.2013, 18:00 117


ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қазақстандағы электронды үкіметтің қызметі жайында 2013 жылы жазылған үздік жарияланымдарға шығармашылық конкурс жариялайды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жеңімпаздар «Үздік телевизиялық сюжет», «Үздік радиоматериал», «Баспа және интернат басылымдардағы үздік материал( материалдар сериясы)» , «Ең пайдалы блог» және «Ең үздік әуесқой бейнеролик» сияқты бес аталым бойынша анықталады.

Байқауға 2013 жылы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген жарияланымдар қабылданады.

Сыйлық ретінде әр аталымдағы жеңімпаздарға арнайы сертификатпен қоса ноутбук тапсырылады.

Барлық жұмыстар электронды форматта 2013 жылдың 7-қарашасына дейін (осы күн қоса есептеледі) қабылданады.

Жарияланымдарды мына мекенжайға жіберу қажет: stambekov_o@nitec.kz. Анықтама телефоны:8 (7172) 74-05-96.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив