KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Семей қаласында 150 үй жылусыз отыр

21.10.2013, 18:00 125


Жылу маусымы басталғалы Семей қаласында 150 үй жылусыз отыр. Олардың жылудан қағылуына «Жылукоммунэнерго» мекемесі алдындағы қарыздары себеп болған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ал кейбір үйлердің маусымға дайындықтары жөнінде төлқұжаттары жоқ. Бұл жөнінде қала әкімінің орынбасары Асхат Хосчанов баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

– Жылу сұрап, облыстық және қалалық әкімшілікке телефон шалып, арыз-шағым түсіріп жатқандар бар, – деді Асхат Хосчанов. – Бірақ біз оларға қанша қарыз екендіктерін және үйлерінің дайындық құжаты жоқтығынан жылусыз қалып отырғандарын түсіндіріп жатырмыз.

Әкімдік өкілінің айтуынша, кейбір тұрғын үйлердің қарызы миллион теңгенің үстіне шығып кеткен. Мәселен, Кәрменов қөшесіндегі 76-үйдің тұрғындары 2 миллион теңге қарыз. Бұл қарыздың кесірі көршілеріне де тиіп отыр. Жылу ақысын кешіктірмей төлеген 74-үй тұрғындары қарама-қарсы тұрған 76-ыншы үйдің кесірінен жылуға қосыла алмай отыр. Жазықсыз жапа шеккен Маржан Төлеутаеваны бес жасар қызымен бірге суық үйден безіп, далада бой жылытуға мәжбүр еткен осы жағдай екен.

– Біздің кінәміз жоқ. Түнде қалай ұйықтаймыз? Қарызымыз жоқ қой. Жылу берсін, – дейді ол.

Тұрғындардың жалпы қарызы 190 миллион теңгенің көлемінде. Қарыздың өтелмеуі салдарынан «Жылукоммунэнерго» мекемесі өз жұмысшыларына бір жарым ай бойы жалақы төлей алмай отыр.

Раушан Нұғманбекова

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив