KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 2 м/с, В
441.44 473.09 4.75

Өңірде бір миллион тоннадан астам астық жиналды

12.10.2013, 18:00 121


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтан хат келді, делінген Ақорданың баспасөз қызметінің ақпаратында, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Өз хатында Бердібек Сапарбаев ауыл шаруашылығын жаңғырту мәселесіне баса назар аудара келіп, «Қазақстан - 2050» Стратегиясында» белгіленген міндеттердің өңірде іске асырылуы туралы баяндаған.

Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының әкімі өсімдік өнімдері өндірісін ұлғайту жөніндегі шаралардан хабардар еткен. Мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 77,6 мың гектарға, негізгі майлы және жемшөп дақылдарының егістік алқабы 62,8 мың гектарға ұлғайтылған. 370 мың гектар алқапта ылғал сақтау технологиясы енгізілген, құны 3,5 млрд. теңге болатын 340-тан астам ауылшаруашылық техникасы сатып алынған.

Мемлекеттік қолдау шаралары арқасында өңірде бір миллион тоннадан астам астық жиналды, бұл ұн, нан және нан өнімдеріне деген облыс тұрғындары сұранысын толық өтеуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанда майлы дақылдардың жиын-терін жұмысы жүріп жатыр, оның түсімі гектарынан 11,4 центнерді құрайды.

Бердібек Сапарбаев өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты биылғы 8 айда 4,7 миллиард теңгеге жеткенін, ал бұл көрсеткіш 2012 жылы 2,6 миллиард теңге болғанын атап өткен.

Хат соңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі өңірдің ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері еліміздің агроөнеркәсіп кешенін жеделдете дамыту үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірген.

Мәлімет көзі:Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив