KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3 м/с, С
441.44 473.09 4.75

Новоявленка ауылы мен ипподром маңында құрбандық шалуға жағдай жасалған

10.10.2013, 18:00 232


14-қазанда Өскемен қаласындағы орталық алаңда ауылшаруашылығы өнімдерінің «Алтын күз» жәрмеңкесі өтеді. Бұл жерде өскемендіктер мен қала қонақтарына шемонайханың картобы мен Күршімнің қарбызын алып, семейліктердің өнерін тамашалау мүмкіндігі берілмек , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сауда-саттық әдеттегідей сағат 10-00-де басталады.

Ал 15-қазан – Құрбан айттың алғашқы күні сағат 11-00-де Республика алаңында мұсылман қауымының басты мерекесіне арналған мерекелік шаралар басталады. Жиналғандар майы тамған палау мен ақ бауырсақтардан дәм тата алады.

Ұйымдастырушылар Новоявленка ауылы мен ипподром ауданында осы күні таңғы сағат 7-ден бастап мұсылмандарға құрбандық шалуға жағдай жасалатынын айтады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив