KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
491.71 529.97 5.05

Төрт ауылды нанмен қамтамасыз етіп отыр

7.10.2013, 18:00 212


Бұрын Өндіріс ауылының тұрғындары нан өнімдерін Бесқарағай ауданы орталығынан барып алса, қазір мұндағы наубайхана өз өнімдерін керісінше аудан орталығына дейін жөнелтуде, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ерлі-зайыпты Гүлнәзи мен Қайрат Аққозиндердің жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша өз наубайханаларын ашып алғандарына бір жылдан енді ғана асты. Олар осы мақсатпен ауылда бос тұрған тұрғын үйдің бірін сатып алған екен. Қазірде бұлардың наубайханасы тәулігіне төрт жүз бөлке нан, екі жүз тоқаш шығарып отыр. Ал ауыл халқының саны тоғыз жүздей ғана. Сондықтан бұлар өз өнімдерін қосымша тағы үш ауылға, одан қала берсе, аудан орталығына жөнелтуде.

– Болашақта нан өнімдерінің түрлерін көбейтуді ойластырудамыз, – дейді Гүлнәзи. – Бауырсақ, шелпек пісіру де ойымызда бар. Нан өнімдерінің бағасы қаладағымен бірдей.

Қазір мұнда төрт адам жұмыс істейді. Яғни, бұл Аққожиндер төрт ауылды нан өнімдерімен қамтамасыз етіп қана қоймай, оның сыртында төрт адамға жұмыс тауып беріп отыр. Сондықтан өндірістіктер бұларға дән риза.

Дәулет Сейсенұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив