KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 5 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Ұстаздар мерекесі құтты болсын

4.10.2013, 18:00 232


Қымбатты ұстаздар! Ардақты педагогика ұстаздары!
Сіздерді керемет мереке - Ұстаздар күнімен құттықтаймыз!


Әрбір адамның жадында алғаш мектеп табалдырығын аттағаны, бірінші сыныпқа барып білім нәрін сусындаған кезі мәңгі сақталып қала бермек. Алғашқы қоңырау, жаңа достар, қатал ұстаздар, қиын үй тапсырмалары және қызықты есте қаларлық қоңыраулар, алғашқы алған бестік бағамыз және де екілігіміз... Бұл- қызықты оқиғалар адам баласының қызыққа толы өмірінің сәттерін еске түсірері сөзсіз.

Мектебімнің қатал да дана, жауапты да дарынды, жүрегінің бөлігін бізге бере білген ұстаздарымды еске алудамын.
Барлық қатардағы және де зейнеткер ұстаздарға бақыт, денсаулық, дарынды және еңбекқор оқушыларды, қоғамдағы түсінушілікті, мемлекеттік қолдауды тілеймін! Қиын да мағыналы мамандықты таңдай отырып сіздер қоғамның сауатты, пайдалы, дені сау ұлт болып қалыптасуына өз үлестеріңізді қосып жатырсы­здар!


Ізгі тілекпен Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив