KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Орталықтың әкімшілігі 23 жастағы алаяқтың құрығына түсіп қалды

1.10.2013, 18:00 87


«Шығыс» аймақтық орталығының әкімшілігі 23 жастағы алаяқтың құрығына түсіп қалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қарағандылық жігіт орталыққа ерекше класқа жататын «Хюндай Н-1» маркалы автобусты жеткізіп беруге уәде еткен. «Шығыс» аймақтық орталығының әкімшілігі ағымдағы жылдың 1-шілдесінде Қарағанды қаласының 1990 жылғы тұрғынының есепшотына ерекше класқа жататын «Хюндай Н-1» маркалы автобусты алып беруі үшін 4 123 000 теңге қаражат аударады.

23 жастағы қарағандылық жігіт көлікті 16-шілдеге дейін жеткізіп беруге тиіс еді. Алайда осы уақытқа дейін ешқандай хабар жоқ.

Қазір осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 182-бабының 3-тармақшасы бойынша қылмысты іс қозғалды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив