KZ
Өскемен
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Өскеменде алаяқтың үстінен қылмысты іс қозғалды

31.10.2013, 18:00 142


Өскемен қаласында бірнеше ай көлемінде тұрғындарды алдап-арбаумен бірнеше миллион теңге жымқырған алаяқтың үстінен қылмысты іс қозғалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өскемен қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, «102» арнасына бір күнде 6 азаматтан шағым келіп түскен.

Облыс орталығының 30-40 жас аралығындағы тұрғындары Крылов көшесінде тұратын, 1978 жылы туған, еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын сотталмаған Е. деген азаматтың әрқайсысынан 1,5 миллионнан 3 милион теңгеге дейін қарыз ақша алып, осы уақытқа дейін қайтармағанын айтқан. Зардап шегушілердің сөзіне қарағанда, алаяқ олардың барлығымен Жеңіс даңғылында орналасқан нотариуста кездесіп, қомақты қаржыны екі ай мерзімге алып отырған.

Алданғандардың ресми табыс көзі жоқ адамға қалай қарыз бергендері түсініксіз. Қарызға берушілердің кейбіреуінің өздері де еш жерде жұмыс істемейтіні белгілі болды.

Қазір осы іске қатысты ҚР ҚК –нің 177-бабының 3-тармағына сәйкес қылмысты іс қозғалды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив