KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 2 м/с, С
443.35 475.54 4.82

«Восток» тағы бір сатыға көтерілді

29.09.2013, 18:00 130


Шығысқазақстандық «Восток» командасы өз алаңында Оралдың «Ақжайық» командасын қабылдады. Жерлестеріміз осы кездесуде қонақтарды 2:0 есебімен сүріндірді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл ойынның осы екі команда үшін маңызы зор болды, өйткені, олар премьер-лиганың екінші алтылығында өз орындарын сақтап қалу үшін сынға түсті. Ойын кестесінде 15 ұпаймен «Восток» әзірге оныншы орында тұр. Ал «Ақжайық» 12 ұпаймен көш соңында келеді. 11-ші орындағы «Жетісудың» 13 ұпайы бар.

Кездесу аса тартысты өтті. Бәсеке басталған бетте востоктықтар өздерінің жеңіс үшін жасыл алаңға шыққандарын байқатты. Ойынның 36 минутында Вячеслав Эрбес есеп ашты. Көрермендердің қолдауымен жігеріне жігер қосқан востоктықтар қонақтарды өз алаңына ығыстырып, емін-еркін көсілді. Кездесудің 79 минутында төреші қонақтардың қақпасына айып добын белгіледі. Сергей Костюк пен қақпашы жекпе-жекке шықты. Сергей өз мүмкіндігін қалт жіберместен, допты қақпаға дәл түсірді.

Востоктықтар осы кездесуде қонақтарды 2:0 есебімен сүріндіріп, ойын кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті. Ал Талдықорғанның «Жетісу» командасы сырт алаңда «Таразбен» сынға түсіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

«Восток» 28-ші турдан кейін 18 ұпаймен тоғызыншы орынға көтерілді. Енді 5-ші қазанда Қостанайда «Тобыл командасымен ойнайды.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив