KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 1 м/с, С
483.23 534.74 5.12

Өскемен қаласында 15 жастағы жасөспірімді көлік қағып кетті

13.09.2013, 18:00 111


Облыс орталығындағы Буров көшесінен Пермитин көшесіне бұрылған сәтте Ауди-6 автокөлігінің жүргізушісі жүргіншілер жүретін жерде 15 жастағы қызды қағып кетті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз ақпаратына сәйкес, жасөспірім Пермитин көшесін кесіп өтпек болған кезде шетелдік көліктің астына түсіп қалған. Зардап шегуші бас жарақаты және жамбас сынығымен ауруханаға түсті.

Қазір осы оқиғаға қатысты қылмысты іс қозғалды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив