KZ
Өскемен
+4°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

Ауылдық жерде тігін шеберханасын ашып отыр

11.09.2013, 18:00 204


Тарбағатай ауданындағы Маңырақ ауылында тігін шеберханасы ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл нысанды Гүлсара Заманбекова «Қазақстан-2020» бағдарламасын шеңберінде төмен пайызбен 1,5 млн. теңге несие алып, іске қосып отыр.

Шеберхана ашылысымен жұмысқа кіріскен кәсіпкердің айтуына қарағанда, ауылдағы тапсырыс көбіне той-томалақтың жасауы мен көрпе-жастық тігуге түседі екен. Ісі жүре бастаған шебердің ендігі мақсаты жеке ғимарат алып, шеберханасын ұлғайту, жаңа жұмыс орнын ашу болып отырған көрінеді.

Ауыл әкімі Әбілхайыр Қабдешұлының айтуына қарағанда, ауылда өз ісін бастағандардың қатары көбейіп келеді. Ал биыл он екі азамат осы мақсатта несие алған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив