KZ
Өскемен
+3°
небольшая облачность Штиль
478.93 534.96 5.16

Жарылғыш зат қойылды деп жалған хабар берген «қылжақбас» оқушының үстінен қозғалған қылмысты іске нүкте қойылды

11.09.2013, 18:00 148


Шығыс Қазақстан облысында мектепке жарылғыш зат қойылды деп жалған хабар берген «қылжақбас» оқушының үстінен қозғалған қылмысты іске нүкте қойылды. Кінәлі оныншы сынып оқушысы кінәлі деп танылып, оның бас еркіндігіне 2 жылға шектеу қойылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Кәмелет жасына толмаған 10-сынып оқушысы бүкіләлемдік тарих пәнінен сынаққа дайын болмағандықтан ішкі істер басқармасына ұялы телефонынан қоңырау шалып, мектеп ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған. Дабыл қағылғаннан кейін оқиға орнына ТЖ мамандары , полицейлер , саперлер және медицина қызметкерлері дереу жеткен. Алайда ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.Жалған терроризм актісін тексеруге кеткен шығын 133 мың теңгені құрады» , деп түсіндірді сот қызметкерлері.

Мектеп оқушысына «Терроризм актісі жайлы жалған ақпарат таратты» деген айып тағылып, оның бас еркіндігіне 2 жылға шектеу қойылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив