KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,6 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Абай әндерін жапон жастары сүйсіне тыңдады

21.08.2013, 18:00 202


Семей қаласында Абай алаңында ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін қалаушы – Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың туғанына 168 жыл толуына орай Cемей қалалық ішкі саясат бөлімі Жастар орталығының ұйымдастырумен іс-шара өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.


Абай әндерін жапон жастары сүйсіне тыңдадыҚалалық ішкі саясат бөлімі мамандарының айтуынша, іс-шара барысында домбыраның сүйемелдеуімен Абай әндері орындалып, көрермен халықты бір қуанышқа бөледі. Жиналған көрерменге Абай Құнанбаев жайлы брошюралар таратылды. Қала тұрғындарымен қатар акцияны Жапониядан келген қала қонақтары да тамашалады.

Абай әндерін жапон жастары сүйсіне тыңдады«Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Біз де ақының ізгілікті насихаттайтын өлеңдерін қала тұрғындарына және қала қонақтарына әуенмен жеткізуді мақсат тұттық», - деді ұйымдастырушылардың бірі Олжас Мысыров.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив