KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
481.19 538.45 5.18

Жас аналарға кеңес берді

21.08.2013, 18:00 193


Семей қаласындағы салауатты өмір салты орталығында жаңа туған сәбилерді ана сүтімен тамақтандыру қажеттігін түсіндіруге арналған апталық өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шара барысында екіқабат әйелдер мен жас босанған аналарға балаларына жасанды тамақ бергеннен гөрі ана сүтінің маңызды екендігі кеңінен түсіндірілді. Жыл сайын қаладағы перзентханалармен бірігіп, ана сүтінің құндылығына арналған апталықтар өткізіп тұрады.

Зерттеушілердің пікірінше, жаңа туған бала алты айға дейін ана сүтінен қол үзбеуі тиіс. Содан кейін біртіндеп табиғи тағамға да көшкен жөн. Дәрігерлердің айтуынша, босанған соң бір сағат ішінде баланы емізуге тырысу керек. Бұл – бала иммунитеті үшін аса маңызды. Ана сүтін емген балалар аллергия, суық тию ауруларына көп ұшырамайды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив