KZ
Өскемен
+4°
туман жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Бір тәулікте жол апатынан 3 адам қаза болып, 4 адам жарақаттанды

20.08.2013, 18:00 164


Өткен тәулік ішінде Шығыс Қазақстанда жол-көлік апатынан 3 адам қаза болып, 4 адам жарақаттанды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Күршім-Қалжыр тас жолының 60 шақырымында ВАЗ-21703-139-23 автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, ВАЗ-21100 көлігімен бетпе-бет соғылды. Көліктердің қақтығысы салдарынан ВАЗ-21100 көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. ВАЗ-21703-139-23 көлігінің жүргізушісі мен ВАЗ-21100 көлігінің тағы үш жолаушысы ауыр халде аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді.

Облыстық жол полициясы басқармасының аға инспекторы Ақгүл Атудинованың айтуынша, бетпе-бет соғылу жүргізуші мен жолаушылардың өмірі үшін ең қауіпті жол апаттарының бірінен саналады. 7 айдың ішінде облыста қарсы бағытқа шығып кету кесірінен 72 жол оқиғасы тіркелсе, онда 17 адам көз жұмып, 122 адам ауыр жарақат алды. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда жолдағы өлім көрсеткіші 43,3 пайызға артқаны байқалады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив