KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Семей қаласының полиция қызметкерлері 7 миллион теңгенің бағалы бұйымдарын ұрлаған топты қолға түсірді

19.08.2013, 18:00 103


Семей қаласының полиция қызметкерлері 7 миллион теңгенің бағалы бұйымдарын ұрлаған топты қолға түсірді , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қалалық ІІБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Басқармада қылмысты топтың мүшелері Тарбағатай ауданының 20-25 жас аралығындағы тұрғындары екенін айтады. «Олардың арасында атқаратын рөлдері шартты түрде бөлінген. Біреуі домофонмен хабарласып, үйде кісі бар-жоғын анықтаса, тағы екеуі біраз уақыттан соң шарбақтан өтіп, терезенің пластикалық жақтауларын ашып, үйге кіріп отырған. Олар ломбардтарда оңай сатуға болатын алтын әшекейлер мен заттарды ғана алған» деп түсіндірді Семей қалалық ІІБ-ның тергеу бөлімінің бастығы Елдос Закимов.

Оның айтуынша, Өскемен мен Семей қалаларындағы ломбардтардың барлығы тексеріліп, барлық ұрланған әшекейлер алынған. Қазіргі уақытта күдіктілердің 6 үй тонау қылмысына қатыстылықтары дәлелденіп отыр. Алайда тергеу кезінде жігіттердің өздері Өскемен мен Риддер қалаларында да пәтер тонағандарын айтқан. «Семей қаласында бір ғана үйден 7,5 миллион теңгенің асыл бұйымдарын жымқырған. Мысалы, бір ғана сақина жарты миллион теңге тұрады» дейді бөлім бастығы.

Қолға түскендер бір жылдың ішінде қалаға бірнеше рет келіп, ұрлық жасағаннан кейін үйлеріне қайтып отырған. Күдіктілер еш жерде жұмыс істемейді, біреуі бұрын сотталған. Қылмыскерлер қамауға алынды, кінәлері дәлелденген кезде олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылады, дүние-мүліктері тәркіленеді.

Сурет Руслан Шақабаевтікі

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив