KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына 299 адам ие болды

18.08.2013, 18:00 149


ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына 299 адам ие болды, олардың 50 пайызы магистрлар мен PhD докторанттары, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Бүгінгі таңда 299 үміткерге стипендия тағайындалды. Олардың тең жартысын магистрлар мен PhD докторанттары құраса, қалғандары стажерлер. Құжаттарды қабылдау жыл бойы жүргізіледі», дейді ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның президенті Саясат Нұрбек Рrimeminister.kz. сайтына берген сұхбатында.

С.Нұрбек атап өткендей, магистрлердің 60 пайызын инженер-техникалық мамандар, ақпараттық технологиялар мамандары, мұнай-газ, мұнайхимия, энергетика, машина жасау, технологияларды басқару салаларының мамандары құрайды.

Қалған 40 пайызы экономистер, заңгерлер, қаржыгерлер және кардиохирургия, онкология және қалпына келтіру хирургиясының мамандары.

Ал PhD докторанттарына келсек, докторантурада биыл социологтар, саясаткерлер мен мемлекеттік басқару саласының мамандары оқитын болады» делінген ҚР Премьер-министрінің ресми сайтында.
Орталық басшысының айтуынша, бағдарламаның стажерлері негізінен жоғары оқу орындарының оқытушылары, қалалық және аудандық мектептер мен қазақ-түрік лицейлерінің мұғалімдері.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив