KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
450.79 482.21 5.05

Тамыз туғалы толассыз жауған жаңбырдан облыстың таулы өңірлерінде сел жүре бастады

18.08.2013, 18:00 151


Тамыз туғалы толассыз жауған жаңбырдан облыстың таулы өңірлерінде сел жүре бастады.

Тамыздың 12-сі күні Катонқарағай ауданы, Шұбарағаш ауылына таяу маңдағы таудан 3 мың текше метрді құрайтын топырақ төмен лықсып, 800 текше метр болатын бір бөлігі етектегі өзеннің арнасын бөгеп тастаған.
Жолы жабылып қалуынан әдеттегі деңгейі көтерілген өзен суы жинала келе бағытын өзгертіп, Шұбарағашты өзге елді мекендермен байланыстыратын күре жолға түсіп аққан. Соның салдарынан бұл жолмен көліктерге ары-бері қатынау мүлдем мүмкін болмайды. Марал өсірумен кәсіптенетін кішкентай ғана ауылдың (он шақты үйі бар) елуге тарта тұрғыны өзге әлемнен оқшауланып қалды.

- Бір түннің ішінде сел ағыны тағы да бес метрге жылжыған. Біз оқиға орнын түгел қарап шықтық, айналма жол ашу мәселесін жақын арада шешеміз. Алайда, тоқтаусыз жауған жауын-шашын қандай да бір қадамға баруға, әрекет етуге жол бермей тұр. Өйткені, сел тасқыны ары қарай да жүруі ықтимал ғой. Төтенше жағдайлар қызметін, «Қазселденқорғау» және «Қазгидромет» мамандарымен бірлесіп тығырықтан шығудың жолдарын қарастырамыз, − деп түсіндірген аудан әкімінің орынбасары, төтенше жағдайлар бойынша аудандық комиссияның төрағасы Жанболат Тыныбеков жағдайды бақылауда ұстап отырғандығын жеткізді.

Қазір ол жерде сала қызметкерлері қалпына келтіру, апаттың салдарын жою жұмыстарын жүргізуде. Елді мекенге және адамдардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрєан жоқ. Дегенмен, «Қазгидрометтің» болжамынша, алдағы күндері Шығыс өңірінде жаңбырлы ауа райы сақталатындықтан, төтенше жағдайлар қызметі облыс жұртшылығын жақын аралықта таулы өлкелерге жолға шықпауды, шыққан күнніѕ өзінде де сақ болуды ескертеді.

Сонымен қатар, «Қазгидромет» және «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің хабарлауынша, қолайсыз күн райы аймақтағы Үлбі, Бұқтырма, Тұрғысын, Күршім, Қалжыр сияқты ірілі-ұсақты тау өзендерінің деңгейінің көттерілуіне әсерін тигізбек.

ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив