KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
442.05 474.14 4.74

Семейде алаяқ әйел қаражаты жоқ банк карталарын сатқан

26.09.2018, 08:47 82


Семейде қаражаты жоқ, бос банк карталарын сатқан алаяқ әйел құрықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жәбір көрушінің айтуынша, белгісіз бір әйел адам оның сеніміне кіріп, «аса тиімді мүмкіндік шартымен» деген мағынада есеп-шоттарында ақша толы банк карталарын алуды ұсынған. Әңгімелесу барысында оған шұғыл ақша керек екендігі белгілі болған екен. Банкомат арқылы картадағы ақшалары шешіп алу біраз уақыт алатындықтан, алаяқ әйел ер адамға жеті карта сатып алуды өтінген. Оның айтуынша, «әр картада» 200 мың теңгеден бар. Ер адам алдағы уақытта карта арқылы дүкендерде сауда жасай алатындығын ойлап, оған келіседі. Сөйтіп алаяққа ақша беріп, карталарын сатып алады. Ал кейіннен тексеріп қараса, ішінде қаражат болмай шыққан.


Семей полицейлерінің шұғыл іздестіру барысында қолға түскен бейтаныс әйелдің алаяқтығын тамыз айының соңынан бері жоспарлағаны белгіл болған. Жәбір шеккен ер адам ол әйелге сеніп қалып, ұзақ уақыт бойы шағымданбай, оны күтіп жүріпті.


Семей қалалық ішкі істер басқармасы полицейлерінің айтуынша, алаяқ ханым 1 млн теңгені қолды қылған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив