KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Депозиттен мерзімінен бұрын ақша алғандарға айыппұл салынады

5.10.2018, 11:53 83

1 қазаннан бастап Қазақстанның банктеріндегі депозиттер үш түрге бөлінді – жедел, жедел емес және жинақ. Жинақ ақша салымы бойынша ақшаны бөліп алуға жол берілмейді. Ал толық шешіп алған жағдайда, жинақ салымының келісім-шарты бұзылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлім етті.


Депозиттегі ақшаны толық шешіп алу үшін банкке 30 күн бұрын хабарлау керек екен. Мұндай жағдайда банктің беретін сыйақысы 0,1%-дан аспайды. Сондай-ақ, банктер тез арада ақшасын қайтарып алмақ болғандарға айыппұл сала алады. Банк салымының келісім-шарты бойынша, айыппұлдың мөлшері есептелген сыйақының сомасынан 50%-ды құрауы мүмкін.


Депозиттегі ақша салымшының өтінімінен кейін жеті күні ішінде қайтарылады екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив