KZ
Өскемен
+25°
небольшой дождь жел 4 м/с, В
472.49 515.44 5.41

Шығыс Қазақстанда 1 қыркүйекте 49 жаңа футбол алаңы ашылады

8.08.2013, 18:00 312


Шығыс Қазақстанда Қазақстан футболының 100 жылдығына арнап 105 футбол алаңының құрылысы жоспарланған болатын. Қазіргі кезде облыс бойынша 37 футбол алаңының құрылысы толығымен аяқталды, 49 футбол алаңы 1 қыркүйекке дейін тапсырылуы тиіс. Ал 19 алаңның құрылысы жыл соңына дейін созылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Дөңбайдың айтуынша, қазір Абай ауданында 3 футбол алаңы салынып жатыр. Қарауылдағы стадион құрылысы ғана басталмаған. Зайсан және Көкпекті аудандарында барлық футбол алаңы аяқталды. Тарбағатай ауданында бүгінде 3 алаң тапсырылды, 2 алаң құрылысы жақында бітпек. Күршім ауданына жүктелген 5 футбол алаңының үшеуі тапсырылды. Оның екеуі жасанды жабындымен, бірі табиғи алаң ретінде салынған екен. Тағы бірі Теректі ауылында салынып жатыр. Сондай-ақ, Күршім ауылындағы орталық стадион құрылысы 20-тамызға дейін аяқталмақ. Стадионға бюджеттен 39 млн. теңге қаржы бөлінген. Облыс орталығы – Өскеменге жүктелген 6 футбол алаңының екеуі аяқталуға жақын. Қалған төрт алаң 1 қыркүйекке дейін тапсырылады. Зырян ауданында 6 футбол алаңын салу жоспарланған. Бүгінде барлығы аяқталды. Риддер қаласында Кеңес кезінен қалған 2 алаңға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр жә-не құрылысы әлі басталмаған 2 алаң бар. Бесқарағай ауданында жоспарланған 6 алаңның төртеуі іске қосылды. Семияр және Канонерка тірек ауылдарында тағы 2 алаң салынып жатыр. Құрылысы сылбыр жүріп жатқан аудандардың бірі – Бородулиха. Қазіргі кезде ауданда 1 футбол алаңының құрылысы ғана жүргізілуде.

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев жергілікті әкімдерге футбол алаңдарын 1-қыркүйекке дейін толық тапсыру жөнінде тапсырма берді.

Аймақ басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды үйлестіруді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мен басқарма басшысы Әбіл Дөңбайға жүктеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив