KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Шығыс Қазақстан облысында туризм мен сыртқы байланыс бақармасы құрылды

8.08.2013, 18:00 197


Шығыс Қазақстан облысында туризм мен сыртқы байланыс бақармасы құрылды. Оны Ержан Алтайұлы Сембинов басқарады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ержан Сембинов өз қызмет жолын 1990 жылы жұмысшы ретінде бастаған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша жолдағы қозғалыс қауіпсіздігі қоры директорының орынбасары, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кеден транссервис» кәсіпорнының директоры қызметтерін атқарды.

Бұдан басқа Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының протокол және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі, Риддер қаласы әкімі аппаратының жетекшісі болды. Кейін облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының туризмді дамыту бөлімінің бастығы болып ауыстырылды.

Соңғы қызмет орны - облыс әкімі аппаратының протокол және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив