KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
488.26 530.54 5.03

Үржарда шөп шабу науқаны қызып тұр

7.08.2013, 18:00 109


Үржар ауданында қысқы мал азығын дайындау мақсатында шаруалар мен ауыл тұрғындары шабындықтарды жаппай ора бастады , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Қаламбек Қарашевтың айтуынша, биыл 210 мың тонна жемшөп дайындалуы керек. Шілде айының соңына дейін өңірде 154 мың тонна мал азығы дайындалып, қыстауларға жеткізілген. Бұл жоспардың 75 пайызын құрайды.

Сондай-ақ, екпе шөптің түсімі өте мол. Қазіргі кезде гектарынан 30-35 центнер екпе шөп шабылуда. Ауданда сүрлем шөпті әзірлеу жоспар бойынша 2 мың тоннаға межеленген болса, осы кезеңде дайындалғаны 2200 тонна болыпты. Бұл, әрине, жақсы көрсеткіш.

Ақжар, Қарабұта, Көлденең, Қарабұлақ, Бестерек және Үржар ауылдық округтерінде шөп дайындау науқаны жақсы жүріп жатыр. Олар мал азығын дайындауды аяқтап та қалды.

Көлденең ауылының әкімі Сайлаухан Естемесовтің айтуынша, елді мекенде шөп өте мол өскен. Осы кезеңге дейін олар шөп жинау науқанының 70 пайызын орындапты. Сондай-ақ, шабылған шөп қыстамаларға тасылуда. «Қыста шаруа қожалықтарының малы жепшөптен қысылмауы тиіс» дейді әкім.

Ауданда шөп мол, тек соны уақытында, күзгі жауын-шашынға қалдырмай жинап алу керек. Сонымен қатар, ауданда жыл өткен сайын мал басы көбейіп келеді.

Бейсенғазы Ұлықбек

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив