KZ
Өскемен
-5°
снег жел 5 м/с, ОШ
519.28 540.05 5.31

Қазақстанда 300-ден астам адам жетім балаларға тәлімгер болды

Фото: depositphotos.com

13.05.2024, 20:16 205 Айжанат Бақытқызы

Елімізде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жеке қолдау мен көмек көрсететін тәлімгерлік институтын енгізу жөніндегі жоба табысты іске асырылуда. Республиканың 17 қаласында 300-ден астам адам тәлімгер атанды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Тәлімгерлік - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етудің маңызды құралы. Ол баланы қоғамға бейімдеуге және өз бетінше ересек өмір сүруге дайындауға бағытталған.

Тәлімгерлікке үміткерлерді іріктеуді қорғаншы және қамқоршы органдар жүзеге асырады. Әрбір кандидат әңгімелесу арқылы өтеді, сондай-ақ тұрғын үй, тұрмыстық жағдайлары да ескеріледі. Іріктеудің барлық кезеңдерінен өтіп, тиісті қорытынды алғаннан кейін ғана тәлімгер бола алады.

«Үміткерлерге қойылатын талаптар ҚР азаматтығын, кәмелетке толуын, соттылығының жоқтығын, әрекетке қабілеттілігін, тұрғылықты жерінің болуын қамтиды. Тәлімгердің балаға қосымша білім беру мен медициналық қызметтерді қоса алғанда, түрлі салаларда қолдау көрсетуге құқығы бар»,-делінген ҚР Оқу-ағарту министрлігінің  хабарламасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу