KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 3 м/с, В
480.55 533.75 5.36

Жайлы мектеп қандай болады?

фото: aikyn.kz

13.05.2024, 19:11 158 Айжанат Бақытқызы

Қазақстандықтар үшін «Жайлы мектептің» ішкі 3-D туры іске қосылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, үш деңгейлі үлгіде мектептің ішкі құрылысы, сыныптардың, асхананың, спорт залдарының, дәліздің орналасуы көрсетілген.

Көріністер мейлінше шынайылыққа жақындатылған, мұнда интерьер дизайнын, жиһаздарды, безендірілуін тамашалауға болады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен оқушы орнының тапшылығын шешу, апаттық жағдайдағы және үш ауысымды мектептерді жою мақсатында Қазақстанда «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында 740 мың орынға арналған 369 жаңа форматтағы мектеп салынады, оның 217-сі осы жылдың соңына дейін, қалған 152 мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі»,-деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігімен заманауи эргономикалық және қауіпсіз білім беру ортасын құру мақсатында қажетті нормативті құқықтық база әзірленіп, мектеп құрылысы кезіндегі талаптар белгіленген. Сонымен қатар жайлы мектептерде оқу процесін тиімді ұйымдастыру және оны сапалы кадрлармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив