KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Жылу үшін пайдаланылмаған 10 миллион теңге тұтынушыларға қайтарылады

7.08.2013, 18:00 231


Облыс аумағындағы жылумен қамтамасыз ету мекемелері тұтынушыларға шамамен он миллион теңгедей ақшаны қайтарып бермек. Бұл қаражат жылуды төленген ақшадан кем пайдаланғандықтан артық қалған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі облыстық департаментінің табиғи монополиялар мен бағаны реттеу жөніндегі бөлім басшысы Вера Болтовскаяның ақпаратына сенсек, өткен қыстың жалпы алғанда жылы болуына байланысты Риддер, Курчатов, Семей, Серебрянка қалаларының және Жаңа Бұқтырма кентінің бірқатар кәсіпорындарында температуралық кестеде төмендету болған.

Соған сәйкес Риддердің жылумен қамтушылары тұтынушыларға алты миллион теңгедей қаржыны қайтаратын болса, Серебрянка мен Жаңа Бұқтырманың салаға жауапты өкілдері жарты миллион теңгені иелеріне тапсырмақ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив